Бас сақинасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:45, 2015 ж. маусымның 8 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Migraine.jpg
Бас сақинасы

Бас сақинасы, мигрень (Үлгі:Lang-fr, Үлгі:Lang-elбас сүйегінің жартысы) — бастың ұстамалы ауруы, әдетте бір жартысы ауырады.

Ауру кезінде вегетативті жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, ми табанындағы қан тамырлары кеңейіп кетеді. Бас сақинасы тұқым қуалайды, сондай-ақ, жасөспірімдердің жыныстық жағынан жетілу кезінде байқалады. Аурудың жиі қайталануы — адамның жас ерекшелігіне, тіршілік ету ортасына, жұмысына, демалысына, тамақтануына байланысты. Бас сақинасымен ауырар алдында науқастың ыстығы көтеріліп, тамаққа тәбеті болмай, көңіл-күйі өзгеріп, ұйқысы келе береді. Ауру қозған кезде қол-аяғы мұздап, ішкен тамағын құсады. Аурудың ұзақтығы 2—3 сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бас сақинасының негізгі белгілерін және емдеу шараларын бас ауруымен байланыстыра қарау қажет.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub