Дененің қалдығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:23, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Денедегі қалдық (шлак) – бірте-бірте ағзаның жекелеген жасушалары мен ұлпаларына сіңіп қалған өте ұсақ заттар. Олар негізінен ақуыз алмасуының соңғы өнімдері: зәр, зәр қышқылы, креатинин, аммондық тұздар, т.б. суда еруі қиын ағзада тұнып қалатын нәрселер.

Денеге қалдық жиналуының бірнеше себептері бар. Ең негізгілеріне: тоя тұра үстемелетіп тамақ жеу, дененің ақуыз бен майға, крахмалға бөгуін, сондай-ақ, жеген тамақтың дұрыс қорытылмауы, өте ащты тағам мен өте дәмді тағамды дұрыс қолданбау, ішімдік, темекі, есірткі, ауаның ластығы, күн сәулесінің жетіспеушілігі, қабылдаған дәрі-дәрмек қалдықтарын және т.б. жатқызуға болады.

Бұлардың ең маңыздысы, көп тамақтана тұра дененің аз қуат жұмсауы, яғни денедегі алынған қуат пен жұмсаған қуат тепе-теңдігінің сақталмауы. Оған қоса, өкпе, бүйрек, тері, ішек арқылы ыдырайтын өнім мөлшерінің дұрыс болмауы. Үлгі:Суретсіз мақала