Ара (журнал)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:26, 2014 ж. желтоқсанның 23 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Мағына Ара — сатиралық журнал. 1956 ж. наурыздан айына бір рет, 0,75 баспа табақ көлемімен шыға бастады. Алғашқы шығарушылары — Ғ. Мүсірепов, А. Тоқмағанбетов, Қ. Жармағанбетов. “А.” қоғам өміріндегі кемшіліктерді, шаруашылық салаларындағы қырсыздықтар мен жауапсыздықтарды, адам бойындағы жағымсыз қылықтарды батыл әшкереледі. 1995 жылдан бастап журнал А3 қалыптағы 4 беттік газет болып шығып тұрды. 1998 жылы шығуын тоқтатты. Үлгі:Суретсіз мақала