Компьютердің программалық жабдықтамасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Компьютерлерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет көрсету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады:
- жүйелік
- қолданбалық
Жүйелік жабдықтама деп өзіне:
- операциялық жүйелерді
- желілік программалық жабдықтамаларды
- сервистік бағдарламаларды
- программаларды жасау құралдарын қосатын программалық жабдықтама түсініледі.
Желілік программалық жабдықтама желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауыштарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т.б басқаруға арналған.
Дереккөздер
Информатика, Алматы, Жазушы баспасы, 2006 жыл.