Радио батырма

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:17, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Radio button.png
Радио батырма

Радио батырма (Радиокнопка; Radio button). Топқа (жалғыз болуы да мүмкін) біріге алатын жалаушалардан айырмашылығы, Радиобатырмалар (таңдау өрісі) қашанда қандай да бір міндеттің атқарылатын бірнеше (екіден кем емес) мүмкін нұсқасынан немесе қандай да бір параметрдің мүмкін мәндерінен топ құрайды. Тандап алынған нұсқа шеңбер ішіндегі нүктемен (ескі программаларда — қанат белгімен) белгіленеді. "Таңдау" сөзі мынаны білдіреді: екі нұсқаның біреуі міндетті түрде тандап алынуы тиіс. Кез келген сәтте берілген таңдау тобынан тек бір ғана өріс таңдалуы мүмкін, олар нүктемен немесе қанат белгімен белгіленеді. "Топ" деген сөз анықтама бойынша Радио батырманың жалғыз болмайтынын білдіреді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub