Кеңейтілген пернетақта
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кеңейтілген пернетақта (расширенная клавиатура; enhaanced) — at және ps/2 модельдерінің көпшілігінде қолданылатын, қазіргі заманғы стандарт болып табылатын 101/102 пернелер. Кейбір кеңейтілген пернетақталардың (мысалы, "microsoft naturap') 104 немесе 105 пернесі бар, 122 пернелі модельдер де шықты.
Кеңейтілген пернетақтаның пернелері 4 топқа бөлінеді:
- 1) негізгі пернетақта;
- 2) қызметтік пернетақта;
- 3) меңзер мен экранды басқаруға пайдаланылатын цифрлық перметақта (numeric keypad), numlock индикаторы агытылғанда (немесе numlock қосылғанда және shift басылып түрганда);
- 4) цифрлық пернетақтаның міндетін қайталайтын меңзер мен экранды басқарудың ерекшеленген пернелері.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>