Талшықты-оптикалық (жарық өткізгіш) кабель

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:17, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Талшықты-оптикалық (жарық өткізгіш) кабель (Волоконно-оптический кабель (световодный); fiber optic cable) — 1) мәліметтерді жарық көмегімен беруге арналған кабель, оның жеткізу жылдамдығы мен сапасы жоғары. Компьютерлік желілерде пайдаланылады. Қарапайым жағдайда жарык өткізгіш талшықты диэлектрик түрінде болады, ішкі жағы кварц өйнек, сыртқы қоршамында жарықтың сыну көрсеткіші ішкі өзегімен салыстырғанда төмен болады; 2) жергілікті желілерде — өте жоғары жылдамдықпен (100 Мбит/сек) мәлімет жеткізе алатын кабель түрі; мәліметтерді жеткізуге арналған шыны талшықтан тұратын физикалық орта; лазермен немесе жарық диодымен (LED) өндірілетін әрі модульденген жарық ағынымен жеткізілетін ақпарат. Талшықты-оптикалық кабельдің негізгі 2 типі болады: бір модолық және көп модолық. Ескерте кету керек, соңғысы, бағасы арзан болғандықтан, көп таралған. Артықшылығы: өткізгіштік қабілеті жоғары, электрмагниттік сәуле шығармайтындықтан, ондағы ақпарат ұрланбайды, кедергі болмайды, жеткізу ара кашықтығы көп (қайталауышсыз 2 км-ден асады), салмағы жеңіл. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub