Қолданбалы деңгей

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:17, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қолданбалы деңгей (Прикладной уровень; application layer) — ашық жүйе әрекеттестігі үлгісінің жетінші деңгейі. Пайдаланушы мен желілік қолданбалардың әрекеттестігіне байланысты мәселелермен айналысады. Қолданбалы деңгей есептеу желісінің түйіндеріне (немесе қолданбаларына) басқа түйіндермен немесе (қолданбалармен) байланысуға мүмкіндік беретін кейбір қызметтер ұсынады. Бұл деңгейде есептеу желісі арқылы тасымалданатын мәліметтер анықталады және олар бөлшектерге бөлінеді. Қолданбалы деңгей үлгісінің көзге түсетін бөлігі болып табылады. Онда ешқандай нақты жүмыс істелмейді, тек есептеу желісіне қатынас құрмақшы талап төменгі (алтыншы) деңгейге жіберілетін сұратуға өзгертіледі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Ішкі сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub