Ауыстыру

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:17, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ауыстыру (Перемещение; relocation) — 1) жаңа адрестен бастап мәліметтерді негізгі жадқа орналастыру; 2) программаның негізгі жадтағы тұрған орны өзгерген кезде ауысатын адрестік тұрақтыға жаңа мәндер телу.

Режимі

Ауыстыру режімі (Режим замены; overtype mode) —

  • 1) терілген бұрынғы симводдарды жаңа символдармен алмастыруды жүзеге асыру. Бұл режімді орнату үшін INSEPT пернесін басу керек, ал Word программасында терезенің төменгі бөлігіндегі қалып-күй жолындағы ЗАМ (заменить) индикаторын екі рет басу қажет;
  • 2) экрандық редакторларда — пернетақтадан енгізілетін таңба меңзермен нұсқалатын таңбаның орнын алмастыратын режім;
  • 3) ауыстырылатын буферді пайдаланатын мәліметтер алмасу режімі. Бұл режімде буфер сегменттері пайдаланушының жұмыс аймағына айналады және керісінше болады. Буферлер мен жұмыс аймағының арасында ешқандай жөнелту болмайды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub