Жұмыс парағы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:17, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жұмыс парағы (Рабочий лист; work leaf node) — электрондық кестелер орналасатын Excel құжаты құрылымының элементі. Ол жұмыс кітабының құрамына кіреді. Электрондық кестедегі бастапқы құжат, яғни бір кестені үйымдастыруға қызмет ететін бағандар мен бағаналардан тұратын бет. Excel программасындағы құжат терезесінде жұмыс жүргізіліп жатқан ағымдағы жұмыс парағы ғана көрінеді. Әрбір жұмыс парағының жеке атаулары болады, олар парақтың төменгі жағында орналасқан жарлықтарында бейнеленеді. Жарлықтардың көмегімен осы жұмыс кітабының басқа парақтарына да ауысуға болады. Жұмыс парағының атын өзгерту үшін оның жарлығына тышқанның оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек. Жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандарға латынның үлкен әріптерімен және қосәріптік үйлесіммен атау берілген. Жұмыс парағының А-дан IV-ке дейін нөмірленген 256 бағаны бар. Жолдар 1-ден 65536-ға (65536 максималды мүмкін болатын жол нөмірі) дейін цифрлармен тізбектік нөмірленген.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов.

– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub