Google Earth
Үлгі:Wikify Үлгі:Бағдарлама карточкасы Үлгі:Мағына Google Earth -"виртуалды глобус" немесе географиялық ақпараттық жүйе. Жер ғаламшары өте күрделі құрылым. Ғаламтор пайдаланушылары бұл бағдарлама арқасында өздерін ғарышкер ретінде сезіне алады.
Мазмұны
Сипаттамасы
Google Earth – жоғарғы шешімдегі спутниктік фотосуреттердің негізіндегі жердің үш өлшемді (3 байттық) моделін ұсынады. Ол үшін бағдарлама қалыпты жұмыс істеуі үшін барынша қуатты компьютер мен жоғарғы жылдамдықтағы ғаламтор керек. Бағдарлама байланыс арнасына талғампаз және әп-сәтте ондаған мегабайт трафикті жоқ қылады (сағатына шамамен 50-70 Мб). Google-дің серверінде ғарыш фотосуреттерінің жүз терабайтпен саналатын көлемінің сақтаулы жатқаны себеп. Бағдарламаны [www.earth.google.kz] сайтынан жүктеп алуға болады. Манипулятор доңғалағының көмегімен планетаны жақындату арқылы ландшафтын ғана емес көше, ғимараттарды, тіпті машина, адамдарды да көруге болады. Мұндай детализация әлемнің кез келген нүктесінде емес, үлкен елді мекендердің аумағында ғана бар. Бірінші кезекте әркім өз туған жерін жоғарыдан көргісі келетіні анық. Елді-мекенге өту үшін сол жақ жоғарғы бұрышындағы басқару тақтасына жазу керек. Қалаған жерге әсем анимациямен апарып тастайды. Мысалы Вашингтоннан Аягөз қаласына санаулы секундта ұшып баруға болады. Фотосуреттерден басқа бағдарлама көптеген қосымша мәліметтерді көрсетеді: объектінің ендік, бойлық бойынша дәл координатын, камераның биіктігін, фотосуреттің түсірілген күнін, 3D объектілер, панорамалар т.б жіктері бар. Жіктер (Үлгі:Lang-ru) — бұл картада бейнеленетін қосымша мәліметтер. Бұл жер бедері, жолдар, көшелер, атаулар, шекаралар т.б. Оларды көрсету/көрсетпеуге болады. Бұдан басқа ауа райы туралы ақпарат, көшелердің балама атаулары, фотогалереялар ұсынады. Фотогалереядағы фотосуреттерді пайдаланушылардың өздері қосады немесе пайдаланушылар сурет қоса алады. Қосымша құралдардың ішінде ландшафқа күннің түсу түймесі (күн түсу бұрышы) мен сызғышы бар. Сызғыш арқылы екі нүктенің арақашықтығын дәл километражын көрсетсе, екіншісі күннің белгілі уақытта қалай түскенін көрсетеді.
Басқа бағдарламалардан айырмашылығы
Google Earth — біздің планетамыздың фотомоделін жасаудағы алғашқы талпыныс емес. 2007 жылы Майкрософт осы сияқты жобаны қолға алған, бірақ одан әлі белгі жоқ. NASA-ның осыған ұқсас World Wind 1.3 бағдарламасы бар. Тек Google компаниясы ғана сананы таң қалдырарлық өнім жасап шығарды.
Күн сайын Google серверлері жаңа ақпаратпен толығып жаңарып отырады. Google-дің Google Earth тегін нұсқасынан өзге GPS қабылдағыштарды қолдайтын және тағы басқа мүмкіндіктері бар Google Earth Plus-ты ұсынады.
Ал, Google Maps сізге онлайн режимде бірқатар мүмкіншіліктерін қолдануға мүмкіндік береді. «Көрініс» түймесін басып Хаббл телескоптарына әрең байқалатын аспан денелерін, оның ішінде Марс пен Айға жеке өтіп көруге болады. <ref>[1]</ref>
Сыртқы сілтемелер
Ресми және таныстырушы сайттар
- Ресми веб сайты
- Google LatLong - Google Earth және Maps team-нің жаңалықтары және белгілемелері
Бейресми кеңестер және жаңалықтары
- Google Earth Blog: Google Earth жаңалықтары, кеңестер, және жаңартулары
- Google Sightseeing - Guide to interesting and unusual sights
- Ogle Earth - Google Earth news site charting innovative uses and political implications of Google Earth
- Google Earth in Education - A guided tour by a teacher for teachers, students and all.
- Google Earth 2 Mapsource Edit GPS tracks in Mapsource and Google Earth.
- Google Earth Germany: Germany's Google Earth Portal
Белгілер және қаптамалар
- North Korea Uncovered - An extensive mapping of North Korea's economic, cultural, political, and military infrastructures, featured in the Wall Street Journal.
- Google Earth Hacks - A collection of over 25,000 files for use with Google Earth
- King's College London's Collection of KML databases
- STScI's community contributions to Sky website
- Google Earth Anomalies- Satellite imagery of documented, scientific anomaly sites including mound sites and unexplained circular features via Google Earth
Құралдар
- GeoServer - Server to generate KML from Shapefiles, ArcSDE, Oracle, PostGIS, MySQL, GeoTiff, ArcGrid, with support for Network links, superoverlays, time and custom pop-ups.
- GPSVisualizer - Will convert GPS data for use in Google Earth.
- GoogleEarthToolbox - Matlab & Octave functions that output KML.
- PlaceSurf - Dynamic KML file generator
Дереккөздер
<references/>