Біртұтам

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:15, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Біртұтам - бір қолымен сығымдап ұстағанда төрт бес еліге тең ұзындық өлшемі. Бұл өлшем тағы басқа да дәстүрлі өлшемдермен қатар қазақтың тіршілік қамы жүйесінің барлық салаларында қолданылды. Мысалы, қамшы сабының ұзындығы екі-үш тұтамнан кем болмау керек, ал, қамшының басы сабынан бір тұтамға ұзын жасалуы керек деген сияқты.

Сондай-ақ қысқа, келте, аласа, пәс деп келетін шағын заттардың немесе құбылыстардың метафоралық эквивалентгері ретінде де қолданылды. Мұның айқын мысалы ретінде «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деп келетін белгілі мақалды келтіруге болады. Мұнда біртұтам ұғымының қолданысы аллегориялық, метафоралық тәсілі арқылы алдаудың, өтірік айтудың «ғұмырының» тым келте екендігін көрсетіп отыр.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub