Бұрау салу
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бұрау салу - ертеде дәстүрлі құқықта қолданылатын жазалау түрі. Қыл арқанмен қатты буып, адам денесінің әр жеріне, санына бұрау салады. Бұрау салу көбінесе айыпкерді мойындату, шындықты айтқызу үшін қолданылған. Сол сияқты асауды үйрету кезінде ерніне шылбырмен немесе құралмен бұрау салған. Ол шұралау деп аталады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>