Бұқа тартыс

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:15, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бұқа тартыс - күш сынасып ойнайтын ойын түрі. Жиында, той-домалақта ойналатын ойынға жігіттің нары ғана шыдас беріп, күшін көрсетіп, өзін қауымға танытады. Алты құлаштай арқанды ортасынан тұйықтап байлап, ойынды басқарушы адам сол түйінді басып тұрады.

Екі адам екі жағынан келіп, желкесінен асырып қолтық астынан өткізіп, екі жаққа тартысып күш сынасады. Белгіленген сызықтан асырып сүйреп кеткені жеңімпаз болып табылады. Кейбір өңірлерде қазақтар арасында бұл ойын желке тартыс, серке тартыс, бәйге тартыс деп те аталады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub