Бұзау тұлып
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:50, 2012 ж. тамыздың 20 кезіндегі Polat Alemdar (Талқылауы) істеген түзету
Бұзау тұлып - өлген бұзаудың терісін бітеу сойып, ішіне кептірілген шөп (сабан) тығып жасалатын тұлып. Тұлып аузын бүктеп тігіп, қайыс жіп өткізіп тұйықтайды. Бір жағынан бауды тартқанда, келесі тұйық жағы жиырылып жабылады. Бұзау тұлыпты бұзауы өлген сиырды сауар кезде иітуге пайдаланады. Ертеде қазақта бұзау тұлыпты зергерлік құрал-саймандарды сақтау үшін қолданған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>