Боздау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Боздау - түйенің зарлы үні. Көбінесе інгендер мен бота-тайлақтар боздайды. Ботасы өлген түйе- боздағанда көзінен моншақтап жас домалайды екен. Сондықтан „Ботасы өлген түйедей боздау“ деген тұрақты тіркесі зарлап жоқтаған адамға байланысты да айтылады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>