Бау (баулық)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:15, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бау - киімнің немесе басқа да тұрмыстық бұйымдарды байлап бекітетін баулық. Өзі бір нәрсені буып, бекітіп тұратын, байлауға не бунап кигізіп қоюға қолайлы жұмсақ заттан ызып жасалатын ілгек. Көйлектің, бешпенттің т.б. киімдердің кеудеден жоғары, алқым тұсындағы бауын алқым бау, алқа бау деп атайды. Ал етіктің, шұлықтың қонышынан жоғары тартып кигенде ұстайтын бауын қоныш бау, үзеңгі мен ерді байланыстыратын қайысты үзеңгі бау, бір нәрсені керіп, іліп қою үшін әртүрлі материалдан жасалған, жалпақ пішінді жіпті тартпа бау дейді. Қаршығаның мойнына кигізілетін бауды жығауыл деп атайды. Бау қолданылу орнына, тағылған бұйымына қарай бірнеше түрлерге жіктеледі: тонның ішкі бауы, тымақтың бауы, тамақбау, құлақбау т.б.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub