Байырқалату

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:31, 2012 ж. тамыздың 12 кезіндегі Polat Alemdar (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Байырқалату - жылқының бағымы мен мінез-әрекетіне қатысты атау, жусатуға дайындау, қайырып тоқтату дегенді білдіреді. Жаңа қоныс пен өріске келген жылқы толық көндігіп бейімделмейінше, «жатырқап» тұрақтап байыз таппай кетеген, қашаған болып тұрады. Сол тәрізді таңертеңгісін құлынын байлауға айдап келген кезде биебауға және ұстап саууға толық көндікпеген жылкының биебау басына тиянақтап, тұрақтауын, яғни жылқышылар тілімен айтқанда, «байырқалауын» күтеді. <ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub