Базаршы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:14, 2012 ж. тамыздың 11 кезіндегі Polat Alemdar (Талқылауы) істеген түзету
Базаршы - базардан керек-жарағын алушы, яғни базарға сауда жасауға келген адам. Көшпелі тіршілік салтын ұстанған қазақтар әредік қалалар мен уақытша ашылатын базар, жәрмеңкелерге келіп, тұтынуға қажетті керек-жарағын сатып алып тұрған. Мұны дәстүрлі ортада базарлай келу, ал базарлаушы адамды базаршы деп атаған. Базаршы сауда-саттық жасауды кәсіп етпейді, пайда табуды көздемейді. Өзінің және ауылдастарының өндірген шаруашылық өнімдерін керекті бұйымдарға айырбастап, қажетін өтейді. Қазақта базаршыдан базарлық алу салты бар.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>