Бадынақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бадынақ - жүгерінің немесе арпаның қауызынан тазартылып қуырылған дәндері.

Қуырғаннан кейін ерекше үлкеюіне байланысты бадынақ деп аталды. Еларасында мұны баданақ деп те атайды<ref>Шахназаров А.ІІ.Очерк сельского хозяйство Туркестанскогокрая. Киргизское хозяйство в Акмолинской области. Омский уезд. Т.П.СПб., 1911</ref>.

Қолданылуы

Баданақты, көбінесе,егіншілікпен айналысатын өңірлерде жасайды. Қауызынантазартылған жүгеріні немесе бидайды загана деп аталатынағаштан жасалған електе қауызын үшырып тазартыпалады да, түзды суға шайып, мата үстіне жайып кептіріп,әбден қыздырылған үлкен қазанда қуырады. Қуырылған бидайдың немесе жүгерінің көлемі үлкейіп, жарылып піседі. Дәмі тіл үйіретін қытырлақ баданаққа балалар өте құмар болады. Бидай мен жүгерінің көздің көргіштік қасиетін күшейтетінін жақсы білген дәстүрлі ортада қарт аналар немерелеріне «көзің нұрлы болсын» деп жүгеріні, бидайды қуырып, баданақ жасап берген<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub