Әскери тұрақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әскери тұрақ (Үлгі:Lang-ru) - әскердің соғыс, жорық жағдайында тұрақтанған орны.

Әскери тұрақ жаудың шабуылына тойтарыс беруге дайындалған және түрлі соғыс мақсаттарын орындауға тірек бекеті болған далалық бекіністердің алғашқы формасы болды<ref>Ахметжанов Қ.С. Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері). Алматы: Дәуір, 1996</ref>.

Көшпелі халықтарда әскери тұрақ әдетте шеңбер түрінде құрылды да, бекініп, тұйықталған қорғаныс түріндегі ұрыс позициясына айналды. Құрылымы мен қолданылуына қарай лагерьлер уақытша (жорықтық) және тұрақты (көп уақытқа арналған) болып бөлінеді. Кейін көп уақытқа арналған лагерьлердің көбінде тұрақты құрылыстар салынып, терең қазылған ормен және балшықтан, тастан жасалған қабырғалармен қоршалып, қамал-қалаға айналды<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub