Әлдилеу (тәсіл)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:08, 2012 ж. тамыздың 10 кезіндегі Polat Alemdar (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әлдилеу - дәстүрлі киіз басу технологиясының бір сатысының атауы, білектеу тәсілі. Әзірленіп жатқан киізге ыстық су бүркілгеннен кейін, біріктіру мақсатында шиыршықтала оратылады, яғни, әлдилеу арқылы киіз басудың бір сатысы жасалады.

Мұны әйелдер тізерлей отырып, білектерін сыбанып алып жасайды. Сондай-ақ, дәстүрлі қазақы ортада киіз басудағы әлдилеу кезінде «Ақтай Құдай жарылқасын! Киіз жақсы болып шықсын» деп бір қасық сүт немесе айран құяды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub