Әкпіш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әкпіш - екі басы на екі шелек іліп, иыққа салып су тасуға арналған ағаш құрал. Әкпішті бір құлаштай шамасындағы ағаштың орта тұсының екі жағын иыққа батпайтындай етіп жалпайта жонып жасайды. Екі басында шығыршыққа бекітіліп, қозғалып тұратын, ұзындығы бірдей ілмекті темірі болады. Әкпішті пайдалану су тасуды жеңілдетеді. Ел арасында әкпішті иыққа (иінге) салып көтеруге байланысты «иінағаш, иықағаш» деп те атайды, ал одан басқа мойынағаш, күйенте, құрамыс тәрізді атаулары да кездеседі.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub