Ауыз уылу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ауыз уылу - көбінесе бес жасқа дейінгі баланың ауыз қуысының шырышты, кілегейлі қабаттарының қабынып, ауыздан сілекей ағып, тамақ жеуге кедергі жасайтын ауру. Ауыз уылуғанда қазақ емшілері ашудас жалатқан, ауызды тұзды сумен шайғызған, аттың жүгенінің ауыздығын тістеткен. Сонымен қатар Алтай, Ерепқабырға тауларында көп кездесетін тастың арасына шығатын ақжол деп аталатын сорды ашудас, можыға араластырып суға езіп, соның суымен баланың ауызын күніне екі рет шайқайды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub