Ау тоқу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:05, 2012 ж. тамыздың 8 кезіндегі Polat Alemdar (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ау тоқу - жібек, кендір т.б. жіптен, сондай ақ жылқы қылынан торшалап ау дайындау тәсілі. Ау тоқығанда төртбұрыш қалып ағашты араларына салып отырып көзін біркелкі етіп тоқиды. Тоқу, жамауға инелік, иінағаш деп аталатын тілшелі тарақ тәрізді агаш құралды пайдаланады. Ол - ағаштан жасалған басы сүйір, оған жақын жерде ойып жасалған тілі бар, соңғы жағы қиық құрал. Оны балықшылар қолдан жасаған.

Өндірісте тоқылған ауды қазақтар көкіл деп атап, оны үшке бөліп, асты-үстіне сарөшек орнатып, көңге жіппен (пасадка) бекітіп, үш шағын ау жасайды. «Бүтін ау бір ауылды асырар» немесе «саңырау балықшыға сәлем берсең, «ау жамап жатырмын! - дер» деген халық мәтелдері үлкен аудың балықшылар қауымы үшін ерекше маңызды болғандығын аңғартады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub