Атпа

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Атпа - суармалы егіншілікте егістік суаратын, сабы үш аяқты мосыға ілінген, биікке су шығарушы құрал немесе үлкен күрек ожау. Ожаумен арнаулы тоғанға жиналған немесе құйылған су eric алқабына жіберілген. Атпада мосыға екі жағын тең етіп, сырық орнатылады. Оның бір басына күбі шелек, екінші басына ауыр нәрселер (зат) байланады. Ауыр нәрсе байланған жағы жоғары көтерілгенде, күбі шелек төмен түсіп, оған су толады. Ал ауыр зат төмен түскенде, яғни басылғанда шелек жоғары көтеріліп, ішіндегі су арыққа төгіледі.

Шығыр болмаған аймақтарда егінді құдықтан немесе көлден суарғанда қазақ егіншілерінің жер суару үшін атпа әдісі қолданылған. Атпаның қолқауға, атпасамар, қолсамар деген түрлері бар.

Егіннің суаратын құралы - атпа, 
Атпа атып, аш адамдар болды қатпа, 

- деген өлең шумақтары атпамен су айдаудын, әлегі мол, машақаты көп әрекет болғандығын көрсетеді.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub