Ақырет күнi

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақырет күнi - (араб, ахирәт - соңы, аяғы) діни түсінік бойынша мэңгілік өмір, о дүниедегі өмір. Ақырет күні адамдар қайта тіріліп, мэңгі өмір сүреді, жақсы-жаман іс-әрекеттер таразыланып, эділ жаза беріледі. Ақыретте адам Аллаға, пайғамбарға және дініне байланысты сұраққа тартылады. Ақырет - ислам дүниетанымындағы іргелі ұғымдардың бірі. Қазақ ұғымында ақырет қиямет-қайым ұғымымен астас. Соған байланысты қимас адамын жерлеген кезде жақындары «Қиямет-қайымда кездесейік!» деп дауыстап айтып өлген адаммен қоштасады. Зираттың тұсынан өтіп бара жатқан жолаушы ішінен күбірлеп, «Қиямет-қайым жолын» деп үш мәрте дауыстап айтса, аруақтар разы болып жатады-мыс.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Stub Үлгі:Wikify