Аққол aнa
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:15, 2012 ж. тамыздың 6 кезіндегі GulzhanOmarova (Талқылауы) істеген түзету
Аққол aнa - дәстүрлі ортадағы жүкті әйелдерді босандыратын тәжірибелі әйел, жәрдем жасайтын «маман». Аққол aнa қызметі ел ішінде көп бала тапқан, босану мен жүктіліктің қырсырын меңгерген әйелдерге жүктеледі. Ондайлар көбіне қайын атасынан бата алған, мал мен басы тең өскен, көпке сыйлы балалы-шағалы әйел болады. Аққол aнa бала теріс келген сыңайлы болса, жүкті әйелдің ішін маймен сылай отырып сипап, арнайы ағаш табағымен айналдырып «түзейді». Толғағы жиілеген кезде арнайы керілген арқанга асылып тұрган жүкті әйелдің белін тартады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>Үлгі:Stub Үлгі:Wikify