Ақ езу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақ езу - отарлық жүйе сақарада жаңа құқықтық жүйені қалыптастыра бастаған кезде XIX ғ. бірінші жартысында пайда болған атау. Дәстүрлі ортада ескі заңды шала-шарпы білетін немесе ұстанбайтын, Ресей заңының өзін дұрыс білмейтін билерге қатысты орынды сөзге тоқтамайтын билерді кемсіту үшін «ақ езу» атап кеткен. Яғни аузы көпіріп, езуінен көбік ағып сөйлей беретін, дауласа беретін адам деген. Ал, қазір Ақ езу жалпы даукес немесе мылжың дегенді білдіреді.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Stub Үлгі:Wikify