Флиаки

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ФЛИАКИ (грек. phlyax — әзіл) — 1) Ежелгі Грекиядағы халық ойын-сауықтары. Ол кезінде гректердің қала-мемлекеттері орналасқан Оңтүстік Италия мен Балкан түбегінің көп жерлеріне тараған. Флиакидің мәтіндері сақталмаған. Флиакиде құдайлар мен батырлардың (көбіне Зевс, Дионис және Гераклдің) тұрмыс-тіршілігі, басынан өткерген қызықты оқиғалары бейнеленді. Кейбір Флиакилер комедия мен трагедияларды пародияға айналдырды. Күлкілі жағдайларды әсірелеп көрсету мақсатымен Флиакиде арнайы киім-кешектер (костюмдер) мен маскалар пайдаланылды. Флиаки тақтайдан жасалған онша биік емес, аласалау сахналарда қойылды. Сахнадағы жылжымалы шымылдық декорация қызметін атқарды. 4 ғасырдың аяғында Ринтон Флиакиді әдеби формаға түсірді. Оның мифтерге трагедия бояу беріп жазған пародиялары кең тараған. Бертінгі дәуірлердегі Флиаки авторлары: Скир, Тимохарид, Сопатр, т.б. 2) Флиакиді орындаушы — актер.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Wikify