Қоламта

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:14, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қоламта- оттың шоғы, суымаған күл. Қоламтаға қайнатылған шәй ең дәмді шәй болып есептелінеді. Өйткені, ыдыстағы шәй қоламтаның шоғын өз бойына сіңіріп, ерекше хош иіс береді. Дала қазақтары бұрынырақ, тұрмыс қиындығы кезінде шәйді осы қоламтаға қайнатып ішкен. Таңертең бірден жағуға қоздап тұрсын деп,жатарда жер ошақтағы шоққа жас жапа жауып, күлмен көміп қоятын болған. Қазақтар қоламтаға көміп, таба нан да пісірген. Бір-бірін жабатын екі табаның ішіне піскен таба нан ерекше дәмділігімен белгілі.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала