Мураяма Ситиро
Мураяма Ситиро<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> (1908, Ибараки префектурасы) – жапон түркітанушысы. Киото, Дзюнтэндо және Кюсю университеттерінің профессор, Рур университетінің (ГФР) құрметті профессор Мураяма 1942 – 45 ж. Берлин университетінде алтай тілдерін оқып үйренді. Негізгі еңбектері Китасэн аралындағы айн тілдерінің шығу төркінін, олардың моңғол және малайя-полинезия тілдерімен байланысын зерттеуге арналған. Мураяма Моңғолия аумағын мекендеген тайпаларды үш топқа бөледі: моңғол тайпалары, әр түрлі тайпалар және хан тайпалары. Ол қарлұқ, қыпшақ, ұйғыр, наймандарды әр түрлі тайпалар тобына жатқызады. Наймандардың этнонимін, есімдерін, атақтарын, сондай-ақ кейбір тарихи деректерін талдау негізінде аталған тайпалар түркі тілдес деген қорытынды жасаған.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Хаттори С., Изучение тюркских языков в Японии, “Советская тюркология”, 1974
- Муканов М., Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза, А., 1974
<references/>