Қарымта

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:12, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қарымта<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref> – қазақтың дәстүрлі құқықтық қағидаларында ерте заманда қалыптасқан ұғым. Қарымта қазақ қоғамындағы заңдылық пен реттілікті сақтау құралы – барымтамен тікелей байланысты. Барымтаны есесі кеткен, кегі қайтпаған жақ жасайды. Егер барымта кезінде шығын саны мөлшерден асып кетсе, жапа шеккен жақ Қарымта қайтарған. “Барымтаға – қарымта” деген сөз соған байланысты айтылған. Уақыт өте келе Қарымта сөзінің мән-мағынасы біршама өзгерді. Адамдар арасындағы жақсы іс-әрекеттерге Қарымта ретінде жақсылық жасау белең ала бастады. Бүгінде спортшылар арасында да Қарымта кездесулері өткізіліп тұрады.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>


Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub