Қарулық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:01, 2014 ж. сәуірдің 21 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қарулықдәстүрлі халықтық жоралғы. Елді мекенге жаңадан көшіп келіп, қоңсы қонған отбасына сол жерде бұрыннан тұрып жатқан көрші-қолаңдар ерулікке шақырып қонағасы береді. Жаңадан қоныстанған отбасы әбден жайғасып алған соң әлгі көршілерді мал сойып қонаққа шақырады. Мұны қарулық деп атайды. Қарулық сыйға-сый, меймандостыққа ықылас көрсету болып табылады. Қазақ халқындағы “ерулікке – қарулық” көрсету көршілер арасын жақындастыру, бірін-бірі жатсынбай араласып тұру мақсатында жасалған. Қарулық қазақ халқының қонақжайлық қасиетін, рухани әлемінің жоғары екендігін паш етеді. <ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>


Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub