Қызылсу қорымы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:09, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қызылсу қорымы - тарихи-этнографиялық мәдени ескерткіш. Маңғыстау жеріндегі архитектуралық-мәдени кешен (19 ғасырдың ортасы - 20 ғасырдың басы) үлгісі. Бұл - бұрыштарында мұнаралары бар. Төбесі жабылмаған, салынып бітпеген мешіті бар орташа көлемдегі қорым. Мемориалдық құрылысы әктас, ұлу тастардан қашалып жасалған, ою-өрнекті, төрт бұрышты сағанатамдар көп. Бейіт ортасында композициялық тұтастығы, ою-өрнегімен көз тартатын, сәулетші Нұрнияз Ізбасарұлы салған Боран кесенесі орналасқан. Шағын архитектуралық пошымдарға ұштас, бестас, қойтас, сандықтастарды жатқызуға болады. Бұлардың композициялық құрылымы, геометриялық пішіні қарапайым.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала