Барлыбай күмбезі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:09, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Барлыбай күмбезі — 20 ғасырдың басынан сақталған дәстүрлі сәулет өнері ескерткіші. Жыланшықтүрме қыратындағы (Қостанай облысы Амангелді ауданы) Сарыторғай өзінің Терісбұтақ саласы жағалауының оң жақ бетінде тұрғызылған. Ғимараттың іргесі тең шаршы пішінді, өлшемі — 6,23x6,21 м, қабырғаларының биіктігі 2,50 м. Оның алдыңғы қасбетіндегі есік ойығының өлшемі — 1,87x0,70 м. Төрт қабырғасының жоғарғы жағына мәнерленген шаршы тақта кірпішпен бұғаттама берілген. Алдыңғы қасбетіндегі есік ойығына сәйкес, оның екі жағына екі ойық мәнерлеп өрілген. Құрылысқа күйдірілген қызыл кірпіш пайдаланылған. Уақыт пен ауа райының құбылыстары әсерінен ғимараттың бүрмелі күмбезі мүлдем опырылып құлаған. <ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub