Кордебалет
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:51, 2014 ж. маусымның 3 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Сурет:AlexeyTorgunakov.jpg
Кордебалет
Кордебалет (француз corps de ballet, corps – негізгі құрам және ballet – балет) – балет, опера, оперетта, басқа да қойылымдарда көпшілік биін, бұқаралық көріністерді орындайтын биші-өнерпаздар ансамблі, билеушілер тобына арналған хореографиялық шығарманы орындайтын ұжым. Ол “балет хоры” іспеттес. Қазақ балет өнерінде көпшілік сахнасын кең пайдалану Кордебалет рөлін біршама арттыра түсті.
Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, 11 - том