Албан Асан Бәрменбекұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:07, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ambox

Албан Асан Бәрменбекұлы (1866-1916, Райымбек ауданы, Үшқақпақ қыстағы) — ақын. Албан руынан шыққан, қырғыз өңірінде бала оқытып, шөкірт тәрбиелеп, модда атанған. Оның "Жеті қисса" деген толғауын Ілияс Жансүгіров "Жаңа мектеп" журналына (1926, № 9-10) жариялаған. Кейін 1934 ж. "Ақыр заман" деген жеке жинағын шығарды. Ақын өмірінің соңына дейін өз заманының әлеум. теңсіздіктерін, Ресейдің отарлау саясаты салдарынан жерінен айырылған ел-жұртының мүң-зарын өлендеріне арқау етті. Бұл орайда Албан Асан жырлары Шортанбай, Мурат, Дулат, Кердері Әбубәкір шығармаларымен үндес. Туындылары мерзімді баспасөз беттеріңде, "Элем" аль-манағында (1991), "Қазақ поэзиясының антологиясында" (1993), "20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті" (1994) жинақтарында жарияланды. Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылының мектеп-гимназиясына Албан Асан есімі берілген. Осы ауылда ескерткіші бар.<ref>Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Bio-stub