Виктор Глуховцев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Виктор Глуховцев — журналист.<ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Еңбек жолы

1957 жылы Қазақ радиосында қызмет істеді. 60-шы жылдары жаңадан құрылып жатқан Тың өңірлік радиосына бас редакторлыққа Ақмолаға жіберіледі. 1965 жылы КСРО Мемлекеттік телерадиосының қарамағына жіберіліп, Мемлекеттік телерадионың Қазақстанның солтүстік облыстарындағы тілшісі етіп тағайындалды. Журналистік қызметінің 15 жылы тыңда өтті.

1975 жылы КСРО Мемлекеттік телерадиосы алқасының шешімімен КСРО Мемлекеттік телерадиосының Қазақстан бойынша Орталық тілшілер тірегінің меңгерушілігіне ауыстырылды. Осы қызметте ол зейнетке шыққанша істеді.

Марапаттары

Қазақ КСР-інің мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер, "КСРО теледидар және радио ісінің үздігі".

Дерекөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала