Баспалдақ өрге бастайды фильмі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:47, 2014 ж. ақпанның 25 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету
«Баспалдақ өрге бастайды» фильмі – "Қазақтелефильм" студиясының түрлі түсті, 1 бөлімді, орыс тіліндегі деректі фильмі (1988)<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.
Фильм "Медеу" шатқалындағы тасқынға қарсы салынған плотинада өткізілген "Баспалдақ үстіндегі жарыс" мерекесінің ашылуы жайлы. Ұйымдастырушылары "Вечерняя Алма-Ата" газетінің редакциясы мен Алматы қалалық спорт ұйымы.
Демеушісі "Алма-Ата" кооперативі. Идея авторы "Вечерняя Алма-Ата" газетінің жауапты хатшысы Виктор Агеев. Кадрларда: В.Агеевтің сөйлеген сөзі, 834 басқышы бар баспалдақ көрсетіледі. Режиссері – А.Ким, операторы – Ә.Қаржаубаев.
Дереккөздер
<references/>