Ақпарат саясатының жекелеген бағыты
Ақпарат саясатының жекелеген бағыты– өңірлік ақпараттық және ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді одан әрі дамыту. <ref>«Қазақ телевизиясы». Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.Тәуелсіз БАҚ-ты дамыту және мемл. БАҚ-тың тиімді қызметін қамтамасыз ету мынадай бағыттарда: мемл. БАҚ-дың виртуалдық кеңістікке қатысуының Кеңеюі және имидж саясатының жүзеге асырылуы; шетелдерде мемл. БАҚ-тың хабар таратуын одан әрі дамыту сияқты бағыттарда іс-шаралар өткізудің нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс. Медиа-компаниялардың қызметін экон. ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу қажет. Олардың қатарына мына мәселелерді енгізу керек: осы құрылымдардың басты кепіл құралы ретінде зияткерлік меншікті бағалау және зияткерлік меншікті пайдалану құқықтарының тетіктерін әзірлеу; медиа-бизнестің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қолайлы жағдайлар жасау; мемл. тапсырыс пен мемл. жарнама жүйесін дамыту; БАҚ-тың өз қаражатын және сыртқы инвестицияларды тартуы есебінен қайта инвестициялануын заңнамалық көтермелеу; венчурлік қаржыландыруды және қаржыландырудың басқа да түрлерін дамыту.
Дереккөздер
<references/>