Сараев Әнес

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сараев Әнес -1937 жылы 21 қаңтарда Астрахань облысы, Володар ауданы, Құрмалай селосында туған.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 жылы — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>.1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Балық аулау кәсіпшілігінде жұмыс істеген. Кеңес Армиясы қатарында болған. 1964—1965 жылы "Егемен Қазақстан", "Жас Алаш" газеттерінде әдеби қызметкер, Балқаш қалалық телевизиясында аға редактор (1966), 1967—1971 жылы "Жас Алаш" газетінің Батыс Қазақстан облысы]] бойынша тілші, бөлім меңгерушісі бодцы. 1971— 1982 жылы "Жазушы" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, 1982—1984 жылы Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші, 1978-1997 жылы "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, бас редактор боп істеді. 1992 жылы "Еділ-Жайық" романы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болған.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала