Қадырбаева Айсұлу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қадырбаева Айсұлу1950 жылы 2 қарашада Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысы, Қаратөбе ауданы, Қоекөл деген жерде дүниеге келген. Қаратөбе орта мектебін бітірген соң, 1968— 1972 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-де оқып, қазақ тілі мен әдебиетінің мүғалімі мамандығын алады <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1972—1984 жылдары "Жазушы" баспасында корректор, кіші редактор, редактор, 1984—1990 жж. Қазақ радиосының редакторы, оның Орал облысындағы меншікті тілшісі, 1990—1993 жылдары Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы Орал облыстық бөлімшесінің төрағасы болып жұмыс істейді. 1993 жылдан бері шығармашылық қызметпен айналысады.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала