Кожаева Валентина Ивановна

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Кожаева Валентина ИвановнаРесей жеріндегі Новосібір облысының Довленск ауданы, Баклуши селосында 1950 жылы дүниеге келген. Білімі — орта. Мәскеу полиграфиялық институтындатехникалық редактор мамандығы бойынша білімін жетілдірген. Еңбек жолы 1967жылдан басталады <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

В.Кожаева Алматыдағы №2 баспаханаға теруші болып орналасады. Ал 1974 жылдан күні бүгінге шейін "Қайнар" баспасында: әуелі техникалық редактор, артынан инженер-технолог, қазірде тауаршы-сатушы жұмысын атқарып келеді. Өз өзіне жауапкершілікпен қарайтын қызметкер ретінде ол баспадан шыққан кітаптардың дер кезінде республика көлемінде тарауын бақылап, әрі қойма меңгеруші, әрі өткізуші жұмыстарын қатар атқарып келеді.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала