Диана Апутанқызы Шуканова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шуканова Диана Апутанқызы1968 жылы 23 шілдеде Алматы қаласында туған.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1992 жылы әл-Фараби атындағыҚазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1985-1990 жылдары "Автомобильный транспорт Казахстана" журналы редакциясында хатшы-референт, "Семей — Невада" халықаралық қозғалысының "Избиратель" газеті редакциясында тілші болып істеген.

1990-1992 жылдары шетелдермен іскерлік қарым-қатынас "MOST" Ассоциациясы коммерциялық-техникалық "STS" орталығының Алматы филиалында методист, 1992-1994 жылдары ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы "Инжиниринг" шағын кәсіпорнында жарнама бөлімінің менеджері, 1994-1999 жылдары "Санат" баспасы бас редакторының орынбасары, 1999-2000 жылдары ЖШС "Раритет" баспа компаниясында редактор-маркетолог болып қызмет аткарған. 2000-2004 жылдары ЖШС "Раритет" баспа компаниясында редакция меңгерушісі, ал 2004 жылдан бері осы баспаның бас редакторы.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала