Қадырғали Құрманғалиұлы Хошеметов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Хошеметов Қадырғали Құрманғалиұлы (1940-2005)Орал облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

Ол әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Ең алғаш Орал облысы, Жәнібек ауданындағы "Большевик" мектебінде бастауыш сынып мұғалім болған. Кейін осы ауданның "Октябрь туы" (қазіргі "Шуғыла") газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етті. Көптеген өлеңдері осы газет беттерінде жарияланған.

1972-1980 жылдары "Қайнар" баспасында редактор, 1980 жылдан бастап, Мемлекеттік Баспасөз комитетінде аға редактор, Қазақ Ұлттық Академиясы жанындағы "Экономика" институтында аудармашы болған.

1992-1994 жылдары бас прокуратурада аудармашы, болып істеді. 1994- 2000 жылдары "Мектеп" баспасында редактор болып істеді. Ол баспа өнімдерінің сапалы шығуына өзіндік үлес қосқан білікті маман.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала