Публицистикадағы факті

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Публицистикадағы факті – нақты цифрларды, мағлұматтар мен мәліметтерді белгілі бір ойдың төңірегіне топтастыра баяндау, өмір фактілерін іріктеп талдау. <ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5</ref>

Жазу үстінде осы фактілерге талдау жасалып, қорытындылар беріледі. Бірақ публицистикадағы үлкенді-кішілі фактілердің арасалмағын ажырата білу де керек. Фактідегі әрекеттің көрінісі дерексіз, құрғақ сөз емес, қайта өмір шындығы болуы тиіс. Оның өзі белгілі бір іс үстіндегі адамдардың іс-әрекеттері немесе осы жолдағы олардың қарсылықтары. Демек фактідегі әрекет әр кезде де қоғамдық істің белгілі бір көрінісіне байланысты болады. Ал қоғамдық істің өзі адамның іс-әрекеті, адам еңбегінің көрінісі, оның жемісі.

Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет. ISBN 9965-09-033-5

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала