Микрофотография

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2025 ж. сәуірдің 26 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Микрофотография – әртүрлі микронысандарды микроқұрылымын) микроскоппен ұлғайтып суретке түсіру.<ref>Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001</ref>.

Бұлайша түсіру микрофотоқондырғымен немесе микрофотолық қондырма камерамен іске асырылады. Кішігірім нысандардың үлкейтілген суретін түсіру үшін әдеттегі фотоаппаратты пайдалануға болады.

Зерттеулер жүргізуге арналған үлкен микроскоптар арнайы суретке түсіру аппаратымен жабдықталып шығарылды.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Суретсіз мақала