Ержан Әбдіраман
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:29, 2017 ж. ақпанның 4 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Ержан Әбдіраман (1974 ж) – ойы жүйрік, қаламы үшкір, қадамы қарымды жас журналистердің бірі. Қазақ журналистикасының қара шаңырағы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін 2000 жылы бітірген. Өзінің журналистік қызметін елдегі танымал газеттерден бастады. Бүгінде тәуелсіз журналист есебінде белгілі.
Оның атқарған қызметтері:
- 2000-2001 жж – «Жас Алаш» газетінің тілшісі;
- 2001-2003 жж Қазақстан ұлттық телеарнасында саяси сарапшы, жауапты редактор және АСБД (ақпараттық-сараптамалық бөлімі дирекциясы) Алматы бюросының редакторы;
- 2003-2004 жж «Айқын» газеті саясат бөлімінің жетекшісі;
- 2004-2005 жж «Жас Қазақ» газеті бас редакторының орынбасары;
- 2008 жылы «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары.