Боздағым

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:10, 2014 ж. сәуірдің 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Боздағым» - «Жазушы» баспасынан 1990 ж. жарық көрген қазақтың жоқтау жырларының жинағы. Құрастырып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған филология ғылымы кандидаты Т. Арынов. Кітап 16 ғ-дан белгілі Мамай жоқтауынан бастап, Жамбылдың Ұлы Отан соғысында мерт болған баласы Алғадайға арнаған жырына дейінгі аралықтағы туындыларды қамтиды. Жинаққа Абайдың баласы Әбдірахманға арнаған 6, інісі Оспан қайтқанда шығарған 1 өлеңі, Әбдірахманның әйелі Мағышқа шығарып берген және ағасы Тәңірбердінің (Тәкежанның) баласы Мақұлбай өлгенде Әйгерімге айтқызған «Көз жұмғанша дүниеден...» деп басталатын жоқтауы енгізілген. Көлемі 12,5 баспа табақ, 60 000 дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

энциклопедиясы]]

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub